Алтын күз мерекесі.
Қазан айының 20-24 аралығында біздің балабақшамызда "Алтын күз"
мерекесі аталып өтті. Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін
ұғындыру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі
іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының
дамуына ықпал ету. Ата — аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Табиғаттың ерекше құбылып, айналамыз
cары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін,
сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған
сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айына арналған
ертеңгілікке барлық топ балалары қатысып, ата –аналарда шақырылды. Аталмыш мерекеге балалар үлкен
дайындықпен келіпті. Кейбірі ән салып, би билесе, енді біреулері жеміс-жидектер
туралы мақал-мәтелдер айтып, өлеңдер оқып, мерекенің мазмұнын аша түсті.
Кішкентай бүлдіршіндердің өнеріне ата-аналар қауымы тәнті болды. Олар жүздері
бал-бұл жанған балғындардың қуанышына ортақтасып қана қоймай, өздері де бір сәт
балалық шаққа саяхат жасап келгендей әсер алды. Сондай-ақ отбасында орысша
тәрбиеленген кейбір балалардың мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, балабақшадан
алған білімінің жемісін көрген ата-аналар қуанышында шек болмады.