"Гүлдер тобының тәрбиешісі Курманова У. А.
Ару аналар
Жүргізуші: Құрметті аялы аналар, ардақты ұстаздар, қызғалдақтай құлпыраған қыздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.
Бар қатемді кешірген
Сүрінсем келіп демеген
Ақ сүтін беріп өсірген
Ақ мамам саған бас ием-
деп ортаға Гүлдер тобының бүлдіршіндерін шақырамыз.
Балалардың тақпақтарын тамшалаңыздар
Арлан : Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Бізді ана қуантып,
Ұзақ өмір сүреміз.
Асанали: Еркелесем, күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін,
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым, күнім дейтін.
Мадияр: Құтты болсын ардақты анам,
Асыл мерекең,
Құтты болсың теңдік алған,
Қуанышты мерекең.
Әбілмансұр:Бізді өсірген анашым,
Еңбегіңіз зор екен.
Құтты болсын анашым,
Құтты болсын мерекең!
Жүргізуші: (есік қағылады ішке музыка ырғағымен көктем аруы кіреді)
Көктем аруы: Сәлеметсіңдер ме қонақтар, балалар! сіздерді 8-наурыз мерекесімен құттықтаймын.
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткеңмін.
Көзін ашып бұлақтың.
Түбіне төл екенмін.
Гүл боп жерге себілем.
Жаңбыр боп жауам да,
Нұр боп көктен төгілем
Шуағын төгіп әлемге
Жылуын күннің әкелем.
Табиғаттың төсіне,
Тіршілігін сыйлаймын.
Жүргізуші: Амансың ба? Ару көктем!қош келдіңіз, төрлетіңіз.Ал, ару көктем біздің балаларымыздың өздері дайындаған әнің қабыл алыңыз.
Би: «Гүлдер»
Ән: "Ана – біздің күніміз"
Жүргізуші: Балалардың тақпақтарын тамашалаңыздар.
Айлана: Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем.
Анам үшін, мен үшін
Нағыз ана, ол әжем.
Қадірәли: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз,
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Ақерке: Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі
Ақ бетіңнен сүйейік,
Келші, келші ақ мамам
Аида: Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақтаныш
Ел сенімін ақтаған
Айналайын ақ мамам.
Айдар: Ана-өмір шырағы,
Ана-өмір бұлағы
Бесігімнің жыр-әні
Жүрегімде тұрады.
Амир: Жанымызды жайнатқан,
Сіздер ғой аналар,
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
Жүргізуші: Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттаңды жанамыз,
Көктем тойын біз тойлап
Шаттанайық бәріміз
деп қыздардың орындауында ұлдардың биін қабыл алыңыз.
Би: "Джентелмендер"
Жүргізуші: Көктем ханшасы өзіңізбен бірге қандай сыйлық алып келдіңіздер?
Көктем ханшасы: Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын, өзіммен бірге ойын ала келдім.
Ойын:"Гүлдер"
Жүргзуші: Енді кезекті тақпақтарға берейік.
Құдірет: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың
Еңбегінді ақтайын
Аман болшы, анашым.
Н.Нурислам: Баққа гүл толғанда,
Біз оны жинаймыз.
Мереке болғанда,
Анаға сыйлаймыз.
Абдуллаһ: Ақ анашым, аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де
Арнадым саған бәрін де
Адия: Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әркүн мен
Құттықтаймын, анашым
Сегізінші наурызбен!
Аймира : Ақ жүректен сақтаған,
Абдуллаһ Жарқын күлкің бақ маған,
Ақ бетіңнен сүйемін.
Келші, келші ақ мамам.
Жүргзуші: Балалардың орындауында әнді қабыл алыңыз.
Ән: «Анашым»
Ойын: «Аналармен ойын»
Жүргізуші: Тағы да кезекті тақпақтарға берейік.
С.Нурислам: Ана-көркі көгімнің,
Ана-нұры жерімнің.
Ана-бағы баланың,
Мақтанышы даланың.
Айлана: Баланың да тірегі,
Даланың да тірегі.
Шаршамасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Айзере: Түнде сергіп жатпағам,
Жүрегімде сақтағам
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам!
Айдын: Ақ сүтіңнің нәрінде
Тойып өстім, ақ анам
Төзе білген бәріне,
Ақ анамдай бар ма адам?
Нұрхан: Күнім, жаным дегенді,
Құлыншағым дегенді.
Ботақаным дегенді
Ойлап тапқан аналар!
Жүргізуші: Балалардың орындауында әнді қабыл алыңыз.
Ән: "Анам-әжем"
Жүргізуші: Тақпақтарын қабыл алыңыз
Эсмира: Бізді өсіріп баптаған,
Сандина: Жақсы болса шаттанған,
Алтыным деп мақтаған,
Айналайын ақ анам!
Әбілмансұр: Жарқын жүзді жан анам!
Сендей болсын бар адам,
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан!
Қадірәли: Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайылы әнімде
Арнадым саған бәрін де!
Асанали: Сегізінші наурыз келді,
Шаттық сезім, ой келді.
Қуанышты күні енді,
Құттықтаймыз сіздерді.
Жанымызды жайнатқан,
Сіздер ғой аналар.
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз аналар,
Жүргізуші: "Ана"деген бәйтерегі өмірдің,
"Ана" деген қуанышты көңілдің,
"Ана" деген әрбір үйдің жылуы.
"Ана" деген гүлі туған өңірдің.
Риана: Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс.
Арлан: Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп, ойнаймыз.
Қыздарды да құтықтап,
Мерекесін тойлаймыз.
Айлин: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Айдар: Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
Ару көктем: Балалар мен ұмытып кетім ғой мен сендерге қонаққа келдім , өзіммен бірге осы 21 ғасырдың сән үлгісін ала келдім ғой.
Дефиле: Сән үлгісі
Ару көктем: Балалар сендер ақылды екенсіңдер, менің сендерге сыйлығым бар. Енді менің кетуім керек сау болыңдар.
Жүргізуші: Әлпештеген баласын,
Ана-бақыт, ана-күн,
Әркім сүйіп өзінің,
Мақтан етер анасын.
Құрметті аналар, бүгінгі мерекелеріңізге арнап балалар сіздерге сыйлықтар дайындады.Қабыл алыңыз.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, аналар, әріптестер бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді осымен аяқтаймыз.Мерекелеріңіз құтты болсын! Сау болыңыз.