Текст
2019 жылдың 30 қазанында қалалық білім бөлімі "Тәлімгер мен жас маман" атты сайысын өтткізді. Бұл сайыстың мақсаты балабақшалар қызметкерлері арасында талапты, шығармашылық табысқа жеткен ұстаздардың атын шығару болды. "Айналайын" балабақшасынан тәлімгер Кукнова Миниса Нурахметовна және жас маман Ибраева Шамшырак Максутовна қатысты. Олар балалармен жүргізетін жұмыста жаңа технологиялар түрлерін көрсетті: мнемотехнология, жұмсақ кітапшалар т.б. әдістер. Сайыс нәтижесінде біздің әріптестеріміз "Үздік тәлімгер" атты номинацияға ие болды.Ұжым шын жүректен әріптестерін осы жетістікпен құттықтайды